Image

Green AUEZOV

Image
Image

26-29 қазан аралығында «Болашақ бүгіннен бастап: инновация ғасыры» атты үшінші Нобель фестивалі өтуде.

Жұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емесЖұлдызды белсенді емес
 

26-29 қазан аралығында «Болашақ бүгіннен бастап: инновация ғасыры» атты үшінші Нобель фестивалі өтуде.

Бүгін 26 қазанда ашылу салтанатында М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Дария Пернешқызы Қожамжарова құттықтау сөз сөйледі.

Өз сөзінде іс-шараның маңыздылығы мен жаһандылығын атап өтті: «Үшінші Нобель фестивалінің тақырыбы «Болашақ бүгіннен: инновация ғасыры» еліміздің жоғары оқу орындары мен жалпы білім беру миссиясын тікелей көрсетеді. Нобель Фэст Қазақстанның мақтанышы және ғылыми ақыл-ойды әлемдік білім беру кеңістігіне серпіліс жасау үшін біріктірген ұлттық көшбасшылықтың үлгісі болды»

«2020 жылы М.Әуезов атындағы ОҚУ фестиваль бастауында тұрған еліміздегі алғашқы жоғары оқу орындарының бірі болды. Біз осымен үшінші рет Нобель Фэст-тің стратегиялық серіктесі болып отырғанымызды мақтан тұтамыз!» - деп атап өтті университет ректоры.

Осындай жаһандық іс-шараларға қатысу жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырады, бұл «Білімді ұлт» сапалы білім бер» жаңа ұлттық жобасының басты міндеті болып табылады.

Университет бүгінде «Ғылым қаласы» моделі бойынша ғылыми-зерттеу экожүйесін құратын Шымкент қаласының үшінші мегаполисінің жоғары инновациялық университеті ретінде оңтүстік аймақтағы академиялық  орталығы болып табылады.

Өткен жылы жоғары оқу орны «Ғылым көшбасшысы–2020» номинациясында марапатқа ие болды, 10 ғалым Қазақстанда ең көп жарияланатын ТОП қатарына кірді, бұл бізді Nobel Fest сияқты ауқымды жобада ынталандыруға ықпал етті.

Өткен фестивальде университеттің 7 ғалымы сессия спикерлері ретінде сөз сөйледі. Ал, бүгін үшінші фестивальде біздің ғалымдар Нобель сыйлығының лауреаттарының модераторлары болды.

«Nobel Fest пандемиядан кейінгі кезеңде, жоғары оқу орындары ғылымның серпінді дамуы мен бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер алған кезде ғалымдарымыздың ғылыми коллаборациясы үшін жаңа жолдар ашатынына сенімдімін. Баршаңызға жемісті диалог, жаңа жаңалықтар мен жетістіктер тілеймін!»- деді іс-шараға қатысушыларға Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы.


© 2024 Auezov University